13:05, 05 Қаңтар 2026 | GMT +5
Жамбыл және Алматы облысы шекарасында жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM – Жерасты дүмпуі Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 км жерде тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық деректер орталығы.
Деректер орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісі 2026 жылдың 5 қаңтарында Астана уақыты бойынша сағат 10:15-те болған.
Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 43,76 градус, шығыс бойлық бойынша 75,15 градус.
Магнитудасы mpv = 3,7.
Энергетикалық класc K = 8,8.
Бұған дейін Алматы тұрғындары 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінісін сезгенін жазған едік.