Жаңа көпір, автожолдар, қоғамдық көліктер — Тараз қаласы қалай түрленеді

АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев облыс орталығы Тараз қаласын дамыту жұмыстары туралы айтып берді.

Тараз
Фото: Галина Скрипник / Kazinform

Тараз қаласында Абай даңғылының бойында теміржол арқылы өтетін жаңа көпір салынып жатыр. Бұл Тараз қаласының тұрғындары үшін көлік логистикасын едәуір жақсартуға, автокөлік қозғалысының тиімділігін арттыруға және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

— Жаңа тұрғын үй алқаптарын қала орталығымен байланыстыру үшін 50 шақырым автожол салынды. Жалпы ұзындығы 10,3 шақырымды құрайтын 3 көше қайта жаңғыртылды, 35,3 шақырым жаяу жүргінші жолдары жабдықталды, 49,6 шақырым суару арықтары жөнделді, — деді Е. Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Соңғы екі жылда 271 заманауи автобустар сатып алынып, Тараз қалалық автокөлік паркі 82%-ға жаңартылған.

— Ғимараттардың сыртқы сәулеттік келбетіне бірегей және заманауи талаптарды қалыптастыру үшін 15 ескі көпқабатты үйдің сырты қайта жаңғыртылды. Көпқабатты үйлердің ауласында 27 балалар ойын алаңы орнатылды. Оған қоса, 514 аула және 85 көшеге жарық шамдары жүргізілді, — деді облыс әкімі.

Бұған дейін әкім облыста 6 жасар бала өлімінен кейін бас дәрігер жұмысынан босатылғанын айтқан еді.

Жыл соңына дейін 24 ауылдық елді мекен және Тараз, Шу, қалаларының 9 тұрғын алқабы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Соңғы жаңалықтар