Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеу үшін қашан айқасатынын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) әлем чемпионының белбеуі үшін қашан айқасатынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Мен мықты қарсыласқа қабілетті екендігімді көрсеттім. Әлем чемпионының белбеуі үшін айқасқа жақындай түстім. 2019 жыл мен үшін табысты болады деп сенем. Бұл менің «ісімнің» басы ғана», - деді Жәнібек Әлімханұлы Boxing News журналына берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, кәсіпқой боксшымыз Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізіп, «Хитмэн» лақап атымен танымал америкалық Стивен Мартинесті (18-4, 13 КО) нокаутқа жіберген болатын. Сондай-ақ, оның әлемдік рейтингтегі орны бірден 66-сатыға жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар