Жапониядағы парламенттік сайлау: басқарушы коалиция басым көпшілігінен айырылды

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның басқарушы коалициясы парламенттің жоғарғы палатасындағы басым көпшілігінен айырылды, бірақ премьер-министр Сигэру Исибаның мәлімдеуінше, ол отставкаға кетуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды ВВС. 

Жапониядағы парламенттік сайлау: басқарушы коалиция басым көпшілігінен айырылды
Фото: wikipedia.org

Жапондық сайлаушылар жексенбі күні бағаның өсуі және Жапонияның автомобиль өнеркәсібіне тікелей әсер ететін АҚШ тарифтерінің енгізілу қаупіне байланысты халықтың наразылығы жағдайында парламенттің жоғарғы палатасының сайлау учаскелеріне келді.

Дауыс беру қорытындысы Исиба үкіметінің тағдырын тікелей шешпесе де, ол қазан айында парламенттің анағұрлым күшті төменгі палатасын бақылаудан айырылған  көшбасшыға қысымды күшейтеді.

Сайлау учаскелері жабылғаннан кейін сөз сөйлеген премьер-министр «қатаң қорытындыны» қабылдағанын, бірақ оның назары қазір АҚШ-пен сауда келіссөздерінде  екенін мәлімдеді

Жапония парламентінің жоғарғы палатасындағы 248 орынның жартысы дауыс беруге ұсынылды, және жапондық БАҚ-тың соңғы мәліметінше, билеуші коалиция 47 орынға ие болды.

Жоғарғы палатада көпшілікті сақтап қалу үшін билеуші Либералдық-демократиялық партия (ЛДП) мен оның кіші коалициялық серіктесі «Комейто» партиясы біріктірілген 50 орынға ие болуы тиіс еді.

Егер коалиция 46-дан аз орынға ие болса, бұл оның 1999 жылы құрылғанынан бергі ең нашар нәтижесі болар еді. 

Соңғы жаңалықтар