Жасөспірімдер Азиадасы: ауыр атлет Нұрсыйла Берікбол қола жүлдеге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM – Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Нұрсыйла Берікбол қола жүлдегер атанды.

ауыр атлет Нұрсыйла Берікбол қола жүлдеге ие болды
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

ҚР ҮОК мәліметінше, 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы жұлқа көтеруде төртінші нәтиже көрсетсе, серпе көтеруде үшінші орынға ие болды.

Нұрсыйла үздік мүмкіндігінде 101 келіні бағындырды.

Бұл сында Өзбекстан өкілі Марджона Абдумуталова 111 келіні көтеріп, жеңімпаз атанды. Ал екінші орын Қытай спортшысы Чжан Синьиге бұйырды - 110 келі.

Айта кетейік, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Әлихан Әскербай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында топ жарды.

Қазақстандық ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ел қоржынына екі жүлде салды.

 

Соңғы жаңалықтар