Жайлы мектептердің көбі қай өңірлерде салынады

жайлы мектеп
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде жайлы мектептердің қай өңірлерде көп салынатыны белгілі болды. Айта кетсек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қалалармен қатар ауылдық жерлерде де жүзеге асырылады.

«Жайлы мектептердің қай өңірлерде және қанша мектеп салынуы керектігін Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Айта кетсем, 369 жайлы мектептің 169-ы (44%) ауылдық жерлерде салынады», - деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Малғаждаров ұлттық компанияда өткен қоғамдық кеңес барысында.

Спикердің мәліметінше, жайлы мектептердің көбі Түркістан облысы (63 мектеп), Алматы облысы (53), Маңғыстау облысында (23) және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қаласында салынады.

Бұған дейін биыл 1 қыркүйекте қанша жайлы мектеп пайдалануға берілетіні туралы хабарлаған едік. Одан бөлек, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі жайлы мектептер құрылысына отандық өнімді қолданбаған мердігер компанияларға айыппұл қарастырылғанын айтты.

Сондай-ақ, спикер жайлы мектептер мен типтік мектептердің басты айырмашылықтарына тоқталып өтті.

Соңғы жаңалықтар