Жайна Шекербекова Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Спорттық жолында әлем біріншілігінде, Азия ойындары мен чемпионатында оза шауып, жүлде алып үлгерген Жайна Шекербекова 54 келіге дейінгі салмақта жапониялық Хана Наритамен қолғап түйістірді. Бірден тізгінді қолға алған Жайна үш раунд бойы қарсыласына дес берген жоқ. Бұған төрешілер де келісті – 5:0.
Осы біріншілікте қазақстандық үш боксшы Мәдина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) турнирді жартылай финалдан бастайды. Бұл – олар кемінде қола жүлдеге қол созады деген сөз. Бүгін солардың қатарына бастапқы кездесуін сәтті өткізген Жазира Орақбаева мен Жайна Шекербекова қосылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Назым Қызайбайдың Азия чемпионатының ¼ финалына өткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Азия чемпионатында қазақстандық үш боксшының рингке шығатыны хабарланды.
Дулат Бекбауов ширек финалға жолдама алды. Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутпен жеңді. 19 жастағы Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны ұтты.
Сондай-ақ, Азия чемпионатында қазақстандық 6 боксшының рингке шығатыны хабарланды.
Жазира Орақбаева жартылай финалға жолдама алды.
Сурет 365info.kz сайтынан алынды