Жазира Орақбаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Жазира Орақбаева қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жазира Орақбаева 52 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда жапониялық Ринка Киноситемен күш сынасты.

Қос боксшы да жылдам жұдырықтасып, бір-біріне көбірек соққы дарытуға тырысты. Бірінші және екінші раундта төрешілер басымдылықты жапониялық боксшыға берді. Қорытынды шешім де өзгерген жоқ. Жеңіс Р.Киноситенің еншісінде.

Осылайша, бұған дейін өнер көрсеткен алты қазақстандық боксшының екеуі ғана финалға шығып, төртеуі қола жүлдені қанағат тұтты.

Кешкі сессияда тағы үш қазақстандық боксшы рингке шығады.

Еске салайық, бүгін Азия чемпионатында 9 қазақстандық боксшының жартылай финалдық жекпе-жектері өтетінін жазған болатынбыз.

Назым Қызайбай Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

Жайна Шекербекова финалға шықса, Мәдина Нұршаева «қоланы» қанағат тұтты.

Қазақстан қоржынына тағы бір қола медальді Ләззат Күнгейбаева алып келді.

Ақтық жекпе-жекке шығатын тағы бір боксшымыз - Алуа Балқыбекова.


Ашық көздерден алынған фото


Соңғы жаңалықтар