Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирдің ширек финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Чьянчжоу (Қытай) WTA турнирін жеңіспен бастады.
Қазақстандық теннисші нидерландылық Изабель Ховерлагпен бірге алғашқы айналымда қытайлықтар Цюй Ихань – Чжан Жуйэньнің мысын басты.
Бірінші партияда қазақстандық-нидерландылық жұп 6:3 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте жергілікті теннисшілер есе қайырды – 6:4.
Супер тай-брейкте Ж.Құламбаева – И.Ховерлаг жеңісті жұлып алды – 10:5.
Бір сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында Жібек пен Изабель эйс жасамағанымен, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Қытайлық дуэт 4 эйс, 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.
Жібек Құламбаева – Изабель Ховерлаг жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, ресейлік Мария Козырева – ұлыбританиялық Майя Лумсденмен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде көшбасшылық орнын нығайта түскенін жазған едік.
Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Сеул турнирінде негізгі жарысқа қосылды.