Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың жеңімпазы атанды
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге финалда таиландтық Ланлана Тараруди — тайбэйлік Чиа-И Цаомен сынға түсуі керек еді.
Алайда таиландтық-тайбэйлік жұп бәсекеге келмей қалды да, Ж.Құламбаева мен С. Сакеллариди ойнамастан чемпион атанды.
Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында ITF додасында жаңа жылдағы бірінші, спорттық жолындағы 27-інші титулына қол жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогінде Қазақстанның Аргентинаға қарсы ойнайтын құрамы анықталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты.
Юлия Путинцева Хобарт жарысының іріктеу сайысын сәтті бастады.