Жібек Құламбаева жұптық сында Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева жұптық сында Ченнай (Үндістан) WTA 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Жібек Құламбаева Германиядағы жарыста рейтингілік ұпай қорын толықтыра ала ма
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда аустралиялық Габриэлла Да Силва Фикпен бірге жапониялық Хироко Кувата — үндістандық Анкита Райнаға тап келді.

Матч қазақстандық-аустралиялық дуэттің айқын басымдылығымен өтіп, 6:1, 6:1 есебімен аяқталды. 

Бір сағатқа созылған бәсекеде Құламбаева — Фик эйс жасамағанымен, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Жібек Құламбаева — Габриэлла Да Силва Фиктің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Қазақстандық теннисші жекелей сында да жарысты жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын жас теннисшілердің Ақтөбеде халықаралық турнирде үш чемпиондық атақты жеңіп алғанын жазған едік. 

Сондай-ақ Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде жапониялық теннисшіні екінші рет жеңді.