Екі күннен бері 7 қаланың ауасы ластанып тұр
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2026 жылғы 9 қаңтарда Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Екібастұз тұрғындары кеніштегі көмірдің үнемі жанып жататындығына шағымданды. Адамдар мұндағы улы түтінді жұтып жұмыс істеуге мәжбүр болып жүргендерін жеткізген.