Жетісу әкімі «Қапал-Арасан» шипажайының тағдыры туралы айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Қапал-Арасан» санаторийінің қашан ашылатынын жөнінде тілшілер сұрағына жауап берді. 

аким области Жетысу Бейбит Исабаев
Фото: Жетісу облысы әкімдігі

Әкім шамамен 15 жыл бұрын санаторий жеке меншікке берілгенін еске салды. Енді шипажайдың қайта ашылуы жеке инвесторға тікелей байланысты.

– Бұл өте өзекті әрі күрделі мәселе. Санаторий жеке кәсіпкердің қолына өткен соң 2-3 жыл жұмыс істеді, кейін басқа компаниялар тобына сатылды. Олар да әрі қарай шипажайды басқаларға сатқан. Соңғы рет сөйлескенімізде, атауы нақты есімде жоқ, «Каспиан» компаниясы болуы керек, жобалық-сметалық құжаттама дайындап жатқанын айтты. 2027 жылы реконструкцияны бастаймыз деп уәде берді. Уәде беріп жатыр, бірақ шынымды айтсам, құрылыс басталарына сенімім аз. Енді бәрі жеке инвесторға байланысты, — деп жауап берді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

Спикер мұндағы радон бұлақтары адам денсаулығына өте пайдалы екен, сондықтан “Қапал-Арасан” шипажайы бірегей нысан екенін айтуда.

Бұған дейін Бейбіт Исабаев Жетісу университетінде италиялық ЖОО филиалы ашылғанын айтқан еді. Университеті дипломы Италияда да, Қазақстанда да мойындалады.

Соңғы жаңалықтар