Жетісу облысында үшінші рет жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР ТЖМ «ҰҒСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 13:23-те тағы бір жер сілкінісін тіркеді.
Тәуліктегі алғашқы жер сілкінісі Жетісу облысында, Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде тіркелді. Жерасты дүмпулері 31 наурыз күні Астана уақытымен сағат 00:42-де байқалды.
Бүгін күндіз ҚР ТЖМ «ҰҒСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, Астана уақытымен сағат 11:11-де (Гринвич бойынша 06:11-де) Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 50 шақырым жерде тағы бір жер сілкінісі болды.
Эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта орналасқан.
Эпицентр координаттары: 44.609º с.е., 79.709º ш.б. Тереңдігі — 10 км.
Есептік қарқындылығы (балмен):
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы — 2 балл
Жетісу облысы, Текелі қаласы — 2 балл
Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы — 2 балл
Арада екі сағат өткеннен кейін 13:23-те жер тағы бір сілкінісі тіркелді.
Эпицентр Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 267 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Эпицентр координаттары 44.567º с.е. 79.646º ш.б. Тереңдігі 10 км.
Есептік қарқындылық (балмен):
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы - 2 балл.
Эпицентр Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 267 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Халықтан 112 нөміріне қоңырау түскен жоқ.
Еске сала кетейік, 17 ақпанда Астана уақытымен 15 сағат 11 минутта Алматыда жер сілкінісі тіркелген еді.