Жетісу облысында прокуратура қызметкерлері ұсталды - ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жетісу облысында прокуратура қызметкерлерін ұстау фактісін растады.

КНБ
Фото: Солтүстік Қазақстан облыстық терроризммен күрес жедел штабы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Жетісу облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасының қызметкерлерін ұстау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

- ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-тармағына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды, - делінген құжатта. 

Әлеуметтік желілерде, соның ішінде Telegram мессенджерінде, Тәуелсіздік күнін мерекелеуге бір күн қалғанда аталған ведомство қызметкерлерінің ұсталуы және қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Сондай-ақ тергеу шаралары барысында Алматы облысының лицензиялық-рұқсат беру жүйесі қызметкерлері де тексерілуі мүмкін делінген.
Ресми органдар әзірге істің басқа деректері бойынша ақпарат бермеді.

Айта кетейік, Қостанай облысында 2 млрд теңгені жымқырған экс-басшы мен орынбасары ұсталды

Соныпен қатар жазаны жеңілдету үшін 2,5 млн теңге сұраған прокурорға үкім шықты.



Соңғы жаңалықтар