Жыл басынан бері ақылы жолдардан 62 млрд теңге түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Жыл басынан бері 9 айда еліміздің ақылы жолдарын қолданған жүргізушілер 62 млрд теңге төлеген. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады. 

ақылы жол
Фото: ҚазАвтоЖол

— 2025 жылдың басынан бері еліміздің көлік жүргізушілері ақылы жолдар арқылы 62 млн астам рет жүріп өтті. Бұл сапалы жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артуын көрсетеді. Ақылы жолдар тек жылдам қозғалысты қамтамасыз етіп қана қоймай, қалалар мен елдер арасындағы сенімді байланысты орнатып, аймақтардың экономикалық дамуына септігін тигізеді, — деп жазылған компания хабарламасында.

Әсіресе көп сұранысқа ие ақылы жолдар тізімі мынадай:

1. Алматы — Қонаев (10 млн)
2. Шымкент — Өзбекстан шекарасы (7,8 млн)
3. Шымкент — Тараз (5,5 млн)
4. Тараз — Қайнар (4,6 млн)
5. Шымкент — Қызылорда (4 млн)
6. Астана — Теміртау (3,8 млн)
7. Қонаев — Талдықорған (3,3 млн)
8. Астана — Щучинск (3,27 млн)
9. Щучинск — Көкшетау (2,82 млн)
10. Астана — Павлодар (2,1 млн)
11. Алматы — Қорғас (2 млн)
12. Қостанай — Денисовка (1,57 млн)
13. Тараз қаласының айналма жолы (1,56 млн)
14. Қызылорда — Арал (1,5 млн)
15. Көкшетау — Петропавл (1,47 млн)
16. Балқаш — Бурылбайтал (1,1 млн)
17. Павлодар — Семей — Қалбатау (1,1 млн)
18. Ақтөбе — РФ шекарасы (Орынбор) (1,1 млн)
19. Павлодар — РФ шекарасы (Омбы) (736 мың)
20. Қостанай — РФ шекарасы (Троицк) (698 мың)
21. Орал — РФ шекарасы (Самара) (669 мың)
22. Шу — Бурылбайтал (583 мың)
23. Орал — РФ шекарасы (Саратов) (485 мың)
24. Қандыағаш — Мақат (462 мың)
25. Бейнеу — Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (140 мың)
26. Үшарал-Достық (56 мың).

Ақылы жолдарға деген мұндай жоғары сұраныс, жол инфрақұрылымының дамуына жаңа серпін береді. Жолдардың сапасын арттыру көлік қарқынының өсуіне ғана емес, заманауи жол желілері бар аймақтардың экономикалық өсуіне де ықпалы етеді.

Бұған дейін ел аумағындағы автожолдардағы қазіргі ахуалы хабарланған еді. 13 қараша сағат 08:00–ден бастап бірнеше облыста жылдамдық бойынша енгізілген шектеулер алынды.

Соңғы жаңалықтар