Жылыойда Жем өзеніндегі жасанды бөгеттерді бұзу жұмысы басталды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Жылыой ауданының аумағымен ағатын Жем өзеніндегі жасанды бөгеттерді бұзу жұмысы басталды. Бұл – өзен арнасын бұру үшін жасалған қадам.

Жем
Фото: видеодан кадр/Атырау облысы әкімдігі

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың айтуынша, Жем өзенінен елді мекендерге қауіп төндірмес үшін жасанды бөгеттерді бұзу қолға алынған.

«Жылыой ауданына төнген қауіпті сейілту мақсатында Жем өзенінің сағаларын ашып жатырмыз. Бұл маңда кезінде көптеген шаруа қожалықтары суды жинап алу мақсатында ағыс көзін бітеген. Жасанды бөгеттер тұрғызған. Бұл Жем өзенінің өз арнасымен ағуына ағып кетуіне үлкен кедергі келтіріп отыр. Сол себептен бітелген сағадарды ашу үшін жасанды бөгеттерді бұзу қолға алынды», -деп хабарлады Қайрат Нұртаев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын тасқын су Құлсары қаласына кіре бастағанын хабарлаған болатынбыз.

Атыраудағы Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Сондай-ақ, Атырау облысында эвакуациялау үшін 15 мың орын дайындалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар