Жылыту маусымына дайындық басталды
АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алдағы жылу маусымына дайындалу мақсатында іс-шаралар жоспарын әзірледі.

− Осы жоспарға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар 1 қыркүйекке дейін 10 876 білім беру нысанын жылыту мерзіміне дайындауы қажет. 15 қыркүйекке дейін орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде, 15 қазанға дейін қалған өңірлерде 5 644 денсаулық сақтау нысандарын, және 51 637 тұрғын үйдің дайындығын қамтамасыз ету міндеттелді, − деді Е. Нағаспаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Сонымен бірге, сала министрі жылу беру маусымына дайындық есебін апта сайын ұсынуды, көмірге қажеттілік жоспарын әзірлеп-бекітуді және барлық өңірдегі көмір операторларының биржалық саудаға қатысуын, бюджеттік ұйымдарға көмірді дайындау жұмыстарын бастауды, дебиторлық берешекті өтеу бойынша шара қабылдау қажеттігін айтты.
Бұғн дейін Е. Нағаспаев елімізде 110 миллион тонна көмір өндірілгенін, оның 30 миллион тоннасы экспортқа шығарылғанын айтқан еді.
Сонымен бірге, елдегі инженерлік желілердің тең жартысы тозған.