Жүргізуші куәлігі жоқ ақтөбелік 6 жасар баланы қағып кетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол-көлік апаты жиіледі. Полиция жүргізуші куәлігі болмаса да рульге отырған ақтөбелікті ұстады. Ол 6 жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Toyota Camry» автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы Б.Момышұлы даңғылында жол-көлік апатына тап болды. Ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 6 жасар баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 жасар бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Полицейлер автокөлік жүргізушісінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екенін анықтады. Қазір Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабымен іс қозғалды.

«Жүргізушілер үнемі жылдамдықты сақтамайды. Әрбір екінші жол-көлік оқиғасы осыған байланысты. Биыл жүргізуші куәлігі болмаса да 600-ден астам адамның рульге отырғаны анықталды. Жолдардағы қауіпсіздік әрбір жол жүрісіне қатысушының жауапкершілігі мен қырағылығына байланысты екенін есте сақтау қажет», - деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Айта кетейік, Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, салдарына бір отбасының төрт мүшесі көз жұмды. Жантүршігерлік жол апаты Самара-Шымкент тасжолында болды.


Соңғы жаңалықтар