Жыл басынан бері Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 3,6 млрд долларға жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 7 айда Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 3,6 млрд долларға жетті. Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екіжақтық байланыстардың өзегі – сауда-экономикалық ынтымақтастық. Түркия Республикасы – Қазақстанның төртінші орындағы сауда әріптесі. Өткен жылы тауар айналымының көлемі 6,3 млрд долларға жетсе, осы жылдың 7 айында бұл көрсеткіш 3,6 млрд долларды құрады. Алдағы меже – осы алған екпінді жоғалтпай, тауар айналымын арттыру», - деп тоқталды Мұрат Нұртілеу.

Сонымен қатар, ведомство басшысы қарашада Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттерінің мерейтойлық 10-шы саммитіне қатысу үшін Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келетінін атап өтті.

Қоса кетсек, бұған дейін Қазақстан мен Түркия арасында кедендік бақылау рәсімдері жеңілдейтінін жазып едік.

Сонымен қатар, Қазақстанның Түркияға қандай тауарларды экспортқа шығаратынын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар
telegram