Болат Оралұлы Ақшолақов

Болат Оралұлы Ақшолақов

KAZENERGY қауымдастығының төрағасы

Туған күні
9 сәуір 1971, 55 жаста
Туған жері
Қазақстан, Атырау қаласы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша

Өмірбаяны

Alem Bank Kazakhstan экономисі, бас экономисі (1994)

Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің бөлім бастығы, департамент директоры (1995-1997)

«Қазақойл» ҰМК ЖАҚ аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, департамент директорының орынбасары (1997-2001)

Commonwealth and British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, менеджері, қаржы директоры (2001-2003)

«ҚазМұнайГаз» ҰМК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі атқарушы директоры (2003-2006)

Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі (2006-2008)

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ электр энергетикалық және мұнай-газ активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры (2009-2010)

«PSA» ЖШС бас директоры (2010-2011)

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ президенті (2011)

Қазақстан Республикасының мұнай және газ вице-министрі (2012-2014)

«Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры (2014-2017)

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (2016-2017)

Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі (2017-2019)

«KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры (2019-2021)

«Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры (2019-2021)

«Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры (04.2021-01.2022)

Қазақстан Республикасының энергетика министрі (11.01.2022-04.04.2023)

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (4.04.2023-13.02.2025)

KAZENERGY қауымдастығының төрағасы (13.02.2025 бастап)

Білімі

Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (1993)

Экономист

Мұнай-газ өнеркәсібінің білім беру орталығы (Алматы) (1998)

Мамандығы: «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бағалау», «Мұнай өндіру экономикасы»

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2014)

«Астанаға 10 жыл» медалі (2008)

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)

«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісі (2013)

Фото