Ернар Серікбайұлы Жаркешов

Ернар Серікбайұлы Жаркешов

Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Туған күні
24 Қазан, 1986
39 жас
Туған жері
Қазақстан, Ұлытау облысы
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Өміріне қатысты қызықты деректер

Карате шинкиокушинкай бойынша бірінші дан қара белдеуінің иегері

Еңбек жолы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінде тағылымдамадан өтуші (2008)
Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы жоғары мемлекеттік саясат мектебінің зерттеуші-ассистенті (2010-2011)
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамының бас сарапшысы (2011-2012)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасарының м.а., директорының м.а., директоры (2012-2014)
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жобаларының ұлттық консультанты, жоба басшысы, портфель басшысы (2014-2017)
«Стратегиялық бастамалар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры, бас директоры, басқарушы әріптесі (2017-2019)
Whiteshield Partners халықаралық консалтингтік компаниясының Еуразия елдері бойынша директоры (2019-2021)
Мемлекеттік басқарудың Азиялық қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі, Сеул қ. (2021-2024)
«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі (2022-2023)
«Management» акционерлік қоғамы жеке компаниясының, «Полистройгрупп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушы директоры (2022-2024)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі (2024)
Ақмола облысы әкімінің экономика, қаржы, инвестициялар, кәсіпкерлік және туризм мәселелері жөніндегі орынбасары (2024 жылдан бастап)

Білімі

Бирмингем университеті (Ұлыбритания, 2009) 

Басқару, менеджмент, мемлекеттік саясат саласында ғылым бакалавры

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (2010)

Қаржы бакалавры

Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы жоғары мемлекеттік саясат мектебі (2011)

Мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі

Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы жоғары мемлекеттік басқару мектебі (2023)

Мемлекеттік басқару магистрі