Шарлапаев

Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев

«Атамекен» ҰКП төрағасы

Туған күні
9 Шілде, 1981 44 года
Туған жері
Ресей; Саратов облысы
Тілдерді білуі
Казахский, Русский, Английский

Өмірбаяны

Өңірлік кеңсенің Қаржы департаментінде, Жобаларды басқару департаментінде, Операциялық-технологиялық департаментінде, «Сити» инвестбанкінің сату басқармасында (Ұлыбритания, Чехия) жұмыс істеді (2006-2008 жж)

«Сити» инвестбанкі акциялар нарығында жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания), (2008-2014 жж)

«Сити» инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания), (2014-2015 жж)

Ситибанк Қазақстанның Бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті (2015-2017 жж)

Ресей Ситибанкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті (2017-2020 жж)

«Сити» инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры (2020-2022 жж)

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі (2022 жылдан бастап)

ҚР Индустрия және құрылыс министрі (2023 жылғы 4 қыркүйек)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі (06.02.2024 - 28.02.2025 жж)

ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (28.02.2025)

Білімі

Ресейдегі «Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін» бітірген

Ұлыбританиядағы Cranfield School of Management магистратурасын «Қаржы және басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған