Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев су тасқынымен күрес және құтқару жұмыстарын баяндап, төтенше жағдай жариялауға шешім қабылданғанын мәлімдеді.
— Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Онда 28-наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланатыны туралы шешім қабылданды. Бүгін ауа райы өзгеріп, елдімекендерге су кірді, қиындық туғызды. Су тасқынына қарсы жұмыс әрі қарай жалғасады, - деді Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев.
Еске салсақ, бүгін алдымен Қобда, кейін Мұғалжар ауданында төтенше жағдай жарияланды.