Арыста қауіпті нысандарға жақын жерде құрылыс жүргізуге рұқсат берілген - Тоқаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылысқа байланысты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыстағы жарылысты тергеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатқанына тоқталғанПрезидент «Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігіне, Қауіпсіздік Кеңесіне барлық кінәлілердіқатаң жазалау бойынша ұсыныс енгізукерек. Оның ішінде қауіптілігі жоғары нысандарға тым жақын жерге құрылысжүргізуге рұқсат берген, яғни жауапсыздық танытқан азаматтық мемлекеттікқызметшілер де жазалануы тиіс», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілгенотырысында.

«Бұл жұмысты 10 тамызға дейін жүргізу керек, тиістіұсыныстарды беріңіздер. Барлық кінәлілер жазалануы тиіс», - деді Қасым-ЖомартТоқаев.

Еске сала кетсек, Арысқаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты - Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 170-ке жуықадам зардап шекті. 20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді. Бірқатар өңірде шұғыл желілерқұрылды.

Түркістан облысына арнайы барғанҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәріқоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланыңқалпына келтірілетініне уәде берді. Сондай-ақ ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаев Арыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Тұңғыш Президенттің төрағалығыменҚауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, онда Арыс қаласындағы ахуалталқыланды.

Үкімет отырысындаПремьер-Министр Асқар Мамин жарылыс салдарынан көз жұмғандардыңтуған-туыстарына көңіл айтып, тұрғындарға барлық көмек көрсетілетінін айтты. Келтірілген залалдың көлемі бағаланып, Үкімет резервінен ақша бөлінеді.

Эвакуациялау кезінде мыңнанастам ата-ана баларынан көз жазып қалды. Сәбилердің барлығы туыс-туғандарына дін-амантапсырылды.

Факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ, бүгін ҚР Президенті Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады.


Соңғы жаңалықтар