АСТАНА. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нұрқанат Райыс қарсыласын нокаутпен ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Нұрқанат Райыс 75 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық Сағын Сатыбалдымен шеберлік байқасты.
Бірінші раундта төрешілердің бесеуі де Нұрқанаттың басымдылығын көрсетті. Екінші кезеңде Н.Райыс қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Бұдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатып, нокаутты тіркеді.
Осылайша, Н.Сайыс жартылай финалға шығып, ел қоржынын тағы бір медальмен толықтырды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржановтың жүлде алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ тағы бір қазақстандық боксшы жүлдеге ілікті.
Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай жүлдегерлер сапына қосылды.
Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты.
Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова жартылай финалға өтті.
Азия чемпионатында Римма Волосенко жүлдесіз қалды.
Фото:sports.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).