Бокстан Азия чемпионатында Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық Жакшылык Талайбековпен жартылай финал жолдамасын сарапқа салды.

Қазақстандық боксшы үш раунд бойы қарсыласының алдын орап, басымдылығын таныта білді. Төрешілер бір ауыздан жеңісті Дулатқа берді – 5:0.

Бұл – Дулат Азия чемпионатында қандай ма болмасын алғашқы медалін алады деген сөз.

Д.Бекбауов бірінші кездесуінде түркменстандық Сапармұрат Одаевты сүріндірген еді.

Бүгін сондай-ақ қазақстандық қыздардан Алуа Балқыбекова (48 кг) мен Римма Волосенко (60 кг) рингке көтеріледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына сегізінші медаль түскенін жазған болатынбыз.

Азия чемпионатында қазақстандық жеті боксшының сынға түсетіні хабарланды.

Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржанов жүлде алды.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы жүлдеге ілікті.
Сондай-ақ, Санжар Тәшкенбай жүлдегерлер сапына қосылды.

Соңғы жаңалықтар