Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Kazinform / ЖИ

— 30 қазанда Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Қарағанды облысында ауаға 293,7 мың тонна зиянды зат тараған. 

Ал Екібастұзда экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорын 70 млн теңгеге жуық айыппұл төледі.

Бұған дейін ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды.