— 2026 жылғы 31 қазанда Жезқазған, Балқаш, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, түнде Қарағанды, Теміртау, Атырау, Астана қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Екібастұзда экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорын 70 млн теңгеге жуық айыппұл төледі.
Сондай-ақ ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды.
Ал Қарағанды облысында ауаға 293,7 мың тонна зиянды зат тараған.