Бүгін елімізде ауа сапасы нашарлауы мүмкін қалалар саны 10-ға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Kazinform / ЖИ

– 18 қарашада Ақтөбе, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Талдықорған, Өскемен, Павлодар және түнде Астана, Атырау, Көкшетау қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Алматыдағы City Run кезінде ауа сапасы тексерілді, нәтижесі қандай болғанын мына жерден оқи аласыз.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында экологиялық талаптарды орындамаған 16 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ 31,8 мың гектар жерден көтерілген шаң Атырауға қауіп төндіріп отырғанын жаздық. Соңғы жылдары мұндай жағдай жиілеп кетті. Шаңның негізгі көзі – өсімдік жамылғысы сиреген, тұзданған және ұсақ дисперсті гипс араласқан құрғақ жер.