Бүгін еліміздегі 9 қаланың ауасы ластанады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

— 18 қазанда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда қараша айында ауа райы жауынды бірақ жылы болмақ. 

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында экологиялық тексеруден соң 12 ауылдық округ әкімі жазаланды. Бұған дейін аймақта экологиялық заңнама талаптарын бұзған әкімдер жауапқа тартылды.