Бүгін еліміздегі ауа сапасы төмендейтін қалалар саны тағы көбейді

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Gov.kz/ ЖИ-мен өңделген

– 29 қазанда Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Орал және түнде Балқаш, Қарағанды, Өскемен, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстандағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар аталған аймақта экологиялық тексеруден соң 12 ауылдық округ әкімі жазаланды.

Бұған дейін Екібастұзда экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорын 70 млн теңгеге жуық айыппұл төледі.