Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Александр Павский, Kazinform.

– 2026 жылғы 2 қарашада Жезқазған, Балқаш, Орал, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Түркістан, Алматы, Астана қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Қарағанды облысында ауаға 293,7 мың тонна зиянды зат тарап, экологиялық ахуал күрделене түскені хабарланды.

Сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауыты қондырғыдан шыққан қара түтінге қатысты түсініктеме берді.

Ал Екібастұзда экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорын 70 млн теңгеге жуық айыппұл төледі.