– 13 қарашада Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы және Астана қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Екібастұзда экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорын 70 млн теңгеге жуық айыппұл төлеген болатын.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында экологиялық талаптарды орындамаған 16 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, Қарағанды облысында ауаға 293,7 мың тонна зиянды зат тараған. Қазір аймақта экологиялық ахуал күрделі.