Еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Рixabay.com

— 12 қарашада Павлодар, Жезқазған, Ақтөбе, Астана қалаларында және күндіз Алматы қаласында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Екібастұзда экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорын 70 млн теңгеге жуық айыппұл төлеген болатын. 

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында экологиялық талаптарды орындамаған 16 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, Қарағанды облысында ауаға 293,7 мың тонна зиянды зат тараған. Қазір аймақта экологиялық ахуал күрделі.