Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі болып қайта тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына тағайындалды.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

— Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалсын, — делінген құжатта.

Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

«Әділет» жоғары құқық мектебін, «Астана» университетін бітірген.

2002–2004 жылдары — «Қазмұнайгаз» сауда үйі» ЖШС Мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің бас маманы, бас менеджері, директоры.

2004–2006 жылдары — «Chevron Texaco Global Trading» шикі мұнай трейдері, Сингапур қаласындағы «KazMunaiGaz Singapore» директоры.

2006–2008 жылдары — «Қазмұнайгаз» сауда үйі» АҚ Мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры.

2008–2010 жылдары — «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС коммерциялық директоры.

2011–2012 жылдары — «ҚазМұнайГаз өнімдері» АҚ бас директорының кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз Қайта өңдеу және маркетинг» АҚ Мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры.

2013–2014 жылдары — Rompetrol Bulgaria бас директордың орынбасары, бас директоры, Болгария.

2015–2016 жылдары — KMG International (Rompetrol) мұнай және мұнай өнімдері трейдингі жөніндегі бас директор, бөлшек сауда жөніндегі бас директор, бас директордың кеңесшісі, Румыния.

2016–2020 жылдары — мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалдаумен байланысты жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

2022–2023 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының басшысы.

2023–2025 жылдары — ҚР энергетика вице-министрі.

2025 жылғы 19 наурызда ҚР энергетика министрі болып, ал 2026 жылғы 3 қыркүйекте бұл қызметке қайта тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі, Ержан Сәденов Ішкі істер министрі, Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары — Үкімет Аппаратының басшысы, Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі, Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары, Мәди Такиев Қаржы министрі, Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі, Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі, Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалғанын хабарлағанбыз.