Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып қайта тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалды.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

— Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалсын, — делінген құжатта.

Әділет Сәрсембаев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын, Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін бітірген.

1998-2002 жылдары – ҚР Қарулы күштерінде офицерлік лауазымдарда қызмет етті.

2002-2005 жылдары – кеңесші, ҚР Премьер-министрі кеңсесiнің сектор меңгерушісі.

2005-2011 жылдары – бөлім меңгерушісінің орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.

2011-2016 жылдары – ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық қызметтерде істеді.

2016-2017 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.

2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысының орынбасары.

2019-2022 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.

2023-2025 жылдары - ҚР Конституциялық Сотының судьясы.

2025 жылғы 9 қаңтарда ҚР әділет министрі болып, 2026 жылғы 3 қыркүйекте бұл қызметке қайта тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі, Ержан Сәденов Ішкі істер министрі, Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары — Үкімет Аппаратының басшысы, Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі, Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары, Мәди Такиев Қаржы министрі, Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі лауазымына тағайындалғанын хабарлағанбыз.