Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бақыт Маратұлы 1979 жылғы 13 мамырда дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша 2000 жылы бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты (2010).
Бұрынғы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Заид атындағы халықаралық адамзат бауырластығы сыйлығының қазылар алқасының құрамына сайланды.
Маулен Әшімбаев қазылар алқасының құрамына (Judging Committee) Мысырдағы Әл-Азһардың Бас имамы Ахмад ат-Тайебтің ұсынысымен енді. Қазылар алқасы мүшелерінің міндеті — адамзат бауырластығы құндылықтарын өз өмірі мен қызметі арқылы барынша айқын көрсеткен, сондай-ақ әлемдегі адамдар мен қауымдастықтарға үлгі бола алатын тұлғалар мен ұйымдарды анықтау.
Айта кетейік, Қазақстанда бірыңғай Қаржы омбудсмені қызметі қалыптасты. Жаңа институт жұмысын 2027 жылғы 1 қаңтардан бастайды. Бас қаржы омбудсманы және қызметін қоса атқаратын бағалы қағаздар нарығындағы қаржы омбудсманы болып Мария Жамаловна Хаджиева сайланды.
Қаржы нарығында реттеу мен қадағалауда көп жылдық тәжірибесі бар. Әділет министрлігінде, Ұлттық Банкте және қаржылық қадағалау органдарында жұмыс істеген. 2019-2025 жылдары Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Ақтөбеде Мәртөк ауданы әкімінің қызметіне Нұржан Мақсатов тағайындалды.
Ол 2014 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің қаржы, 2018 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Осы аптада ҚР Президенті әкімшілігінің және Ырғыз аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Ырғыз ауданының әкімі лауазымы қызметіне Рүстем Өтешов кірісті.
Ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін әлеуметтік ортада және салалардағы экономист менеджері, Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Бұдан бөлек, Ақтөбеде бірқатар басқармаға жаңа басшысы тағайындалды.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметін Медет Ысқақов атқарады. Ал облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын Адайбек Есенаманов басқарады.
Медет Ысқақов еңбек жолын 2000 жылы Қ.Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебінде домбыра класының мұғалімі болып бастаған. 2026 жылдың 28 қыркүйегіне дейін Мәртөк ауданының әкімі қызметінде болды.
Адайбек Есенаманов 2013-2019 жылдары Ақтөбе облысының қаржы басқармасында бас маман және бөлім басшысы лауазымдарында еңбек етті. 2025 жылғы қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Сонымен қатар Ақтөбе облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне Асылхан Әбтиев, ал облыстық Тілдерді дамыту басқармасына Алтынай Юнисова тағайындалды.
А. Әбтиев 1999 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін агрономия мамандығы бойынша тәмамдаған. 2025 жылғы желтоқсаннан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Атырау облыстық аумақтық инспекциясында болды.
Алтынай Юнисова еңбек жолын 1994 жылы Ақтөбе облыстық телерадиокомпаниясының дикторы ретінде бастаған. 2017-2020 жылдары Ақтөбе қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарды.
Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі болып Мұқанбетқали Есенғалиев тағайындалды.
Ол 1987 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Бұл аптада Айбек Қосуақов Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Ол 1975 жылғы 15 қазанда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Ұштаған ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, 2013 жылы Д. А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ерғали Скендиров Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының әкімі болып тағайындалды.
Е. Сисенғалиұлы 1983 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында дүниеге келген. 2006 жылы «Тұран-Астана» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ербол Дербісов Түпқараған ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
Е. Қалымұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары, 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Заңгер» бакалавры мамандығы бойынша және 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Осы аптаның ортасында Атырау қаласының әкімі болып «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Данияр Таханов тағайындалды.
Ол 1985 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2003-2007 жылдары Қытай мұнай университетінде іскерлік әкімшілендіру мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2007-2009 жылдары аталған университетте экономика саласында магистратурада білім алып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.
Атырау облысында жуырда құрылған Балалардың құқықтарын қорғау басқармасына Гүлнафис Айшуақова басшы болып тағайындалды.
Г. Айшуақова 1984 жылғы 24 қарашада дүниеге келген. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Кемел Иманғалиев Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы болып тағайындалды.
Ол 1981 жылы Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген. Заңгер мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Алматы облысы әкімінің өкімімен Таңат Айдарбеков Кеген ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
Таңат Есенкелдіұлы 1971 жылы туған. Білімі жоғары, 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп, бақылау және әкімшілік-шаруашылық қызметі» мамандығы бойынша және 2017 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Арман Айшуақов енді Алматы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарады.
Арман Еркінұлы 1991 жылы туған. Білімі жоғары, 2013 жылы Халықаралық Білім Беру Корпорациясының «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын» «Сәулет» мамандығы бойынша аяқтап, 2014 жылы аталған білім ордасында «Сәулет» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 2023 жылы Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Алматы облысы әкімінің өкімімен Әнуар Әскербеков Талғар ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
Ол 1992 жылы дүниеге келген. 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2016 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, 2020 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде магистр дәрежесін алған.
Бақытжан Әбдірейімжанұлы Жүнісбеков Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Осыған дейін ол Астананың Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. Бақытжан Жүнісбеков – білімі бойынша саясаттанушы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде саясаттану магистрі дәрежесін алған.
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Азамат Бейсбаев облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1301946?lang=kk
Азамат Қанайбекұлы 1986 жылы туған. Білімі жоғары. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін құқықтану, су ресурстары және суды пайдалану, құрылыс мамандықтары бойынша бітірген.
Талғат Ахметов 29 қыркүйектен бастап Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ол 1990 жылы 16 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін және Қазақстан-Американдық еркін университетін тәмамдаған. Аспап жасау, экономика, құқықтану және құрылыс салалары бойынша білімі бар.
Алматы қаласы Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы қызметіне Айдос Нұрлыбаев тағайындалды.
Ол 1973 жылы 28 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық техникалық университетін, «Тұран» университетін және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша инженер-металлург, заңгер, сондай-ақ іскерлік әкімшілендіру саласы бойынша дәрежесі бар.
29 қыркүйектен бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметіне бұған дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болған Берік Солтанбаев тағайындалды.
Б. Солтанбаев 1990 жылы 28 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. «Парасат» Қазақстан көпсалалы институтын, Халықаралық білім беру корпорациясын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін және Нархоз университетін тәмамдаған. Құрылыс, техника және технологиялар, құқық және іскерлік әкімшілендіру салалары бойынша білімі бар.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Рауан Жампеисов Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Рауан Асылханұлы 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары Глубокое ауданында түрлі лауазымдарда еңбек етті.
Апта соңында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы болып Жанар Бектаева тағайындалды.
Жанар Әлібекқызы 1982 жылы Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. Саясаттану мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар. 2017 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК Бас директоры болып Ғұмар Екпінұлы Серғазин тағайындалды.
Ғұмар Серғазиннің атом саласында мемлекеттік басқару саласында көп жылдық тәжірибесі бар. Әр жылдары ол ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде басшылық қызметтер атқарды, 2017-2023 жылдары Комитет төрағасының орынбасары болды. 2023 жылдан бастап ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментін басқарды, кейіннен ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.