ҚР Президенті Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа Арыстағы жарылысқа байланысты қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Бұл туралы Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті.


«Мемлекетбасшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымынегізінде өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны және ведомстволықбақылауды әлсіреткені, соның салдарынан Арыс қаласында әскери бөлімшедегіқару-жарақтың жарылуына жол берілгені үшін Қазақстан Республикасының Қорғанысминистрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа қатаң сөгіс жарияланды»,- делінген Мемлекетбасшысының Өкімінде.


Еске сала кетсек, Арысқаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты - Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 170-ке жуықадам зардап шекті. 20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді. Бірқатар өңірде шұғыл желілерқұрылды.

Түркістан облысына арнайы барғанҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәріқоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланыңқалпына келтірілетініне уәде берді. Сондай-ақ ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаев Арыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Тұңғыш Президенттің төрағалығыменҚауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, онда Арыс қаласындағы ахуалталқыланды.

Үкімет отырысындаПремьер-Министр Асқар Мамин жарылыс салдарынан көз жұмғандардыңтуған-туыстарына көңіл айтып, тұрғындарға барлық көмек көрсетілетінін айтты. Келтірілген залалдың көлемі бағаланып, Үкімет резервінен ақша бөлінеді.

Эвакуациялау кезінде мыңнанастам ата-ана баларынан көз жазып қалды. Сәбилердің барлығы туыс-туғандарына дін-амантапсырылды.

Факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар