Тоқаев Арыстағы жарылыс туралы: Кінәлілер жазалануы тиіс
Еске сала кетсек, Арысқаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты - Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 170-ке жуықадам зардап шекті. 20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді. Бірқатар өңірде шұғыл желілерқұрылды.
Түркістан облысына арнайы барғанҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәріқоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланыңқалпына келтірілетініне уәде берді. Сондай-ақ ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаев Арыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Тұңғыш Президенттің төрағалығыменҚауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, онда Арыс қаласындағы ахуалталқыланды.
Үкімет отырысындаПремьер-Министр Асқар Мамин жарылыс салдарынан көз жұмғандардыңтуған-туыстарына көңіл айтып, тұрғындарға барлық көмек көрсетілетінін айтты. Келтірілген залалдың көлемі бағаланып, Үкімет резервінен ақша бөлінеді.
Эвакуациялау кезінде мыңнанастам ата-ана баларынан көз жазып қалды. Сәбилердің барлығы туыс-туғандарына дін-амантапсырылды.
Факті бойынша қылмыстық іс қозғады.