Атап айтқанда, арнайы пандустар, сары жолақтар, жәшіктер орнатылған. Бүгін Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылындағы №23 дауыс беру учаскесінде 18 жастағы ерекше жан Төлен Бибігүл өз таңдауын жасады.
Айта кетейік, бүгін Арыс қаласындағы 1 аумақтық және 34 дауыс беру учаскелерінде 44 072 азамат өз таңдауын жасайды. Сонымен қатар, дауыс беру учаскелерінде қауіпсіздік шаралары санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылған.
Бұған дейін, Алматыда 100 «инватакси» мүмкіндігі шектеулі дауыс берушілерді тасымалдап жатқанын жазған болатынбыз.
Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс береді.
Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады: Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе? Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды: «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин АЭС салуға қатысы референдумда елордадағы №164 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады.
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласындағы Оқушылар сарайында орналасқан №61 учаскеге келіп дауыс берді.
Осыған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жұбайымен бірге дауыс беру орнына келгені туралы жазған едік.
Өздерінің конституциялық құқығын Корея Республикасындағы Қазақстан азаматтары алғашқылардың бірі болып жүзеге асырды.
Сондай-ақ, Бейжіңдегі Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Шанхай және Гонконгтағы Қазақстанның бас консулдықтарында Атом электр стансасын (АЭС) салу жөніндегі республикалық референдумға дауыс беру пункттері ашылды.
Өзбекстан астанасында орналасқан Қазақстан елшілігінің жанындағы референдум учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де өз жұмысын бастады.
1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.