12 адамның қазасы: Ақтөбеде тергеу аяқталып, іс сотқа түсті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Жол-көлік апаты кезінде екі жүргізуші де көз жұмды. Алайда іс бойынша жүк көлігінің жүргузішісіне айып тағылған.

12 адамның қазасы: Ақтөбеде тергеу аяқталып, іс сотқа түсті
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылыған ауданаралық сотында қаралады. Сотқа дейінгі тыңдау 29-желтоқсан күні өтеді. Жүк көлігінің жүргізушісіне Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен айып тағылады.

Еске салсақ, қазан айында Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты. Оқиға Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында болды. 

Жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын ГАЗель соқтығысты. Аман қалған жолаушылардың үшеуі ауыр жағдайда екені айтылды. 

Жол-көлік оқиғасынан соң Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды

ІІМ Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасын тергеу үшін арнайы топ жіберді. 

Ақтөбеде жол-көлік апатына кімнің кінәлі екені нақтыланды. 

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Белқопа ауылының шетінде болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылғаны анықталды. 

Соңғы жаңалықтар