13 адамның өлімі: Алматыда шұғыл желі іске қосылды
Бүгін таңертең хостелде болған өртке байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл желіні іске қосты, деп хабарлайды Кazinform.

Хабарласуға болатын телефон номерлері:
- 8 727 278 20 83
- 8 727 278 20 84
Еске салайық, бүгін таңертең Алматыда болған өрт салдарынан 13 адам көз жұмды, екеуі ауруханаға жеткізілді. 59 адам шұғыл эвакуацияланды. 56-сы жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды.
Мұндағы тұрғындардың дені — шет мемлекеттердің азаматтары. Олар — студенттер мен жалдамалы жұмысшылар.
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себебін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
2Gis электронды анықтамалық сервисіне орналастырылған мәліметке сүйенсек, хостелде тұру бір орынға 2000 теңгеден басталады, орындар саны — 100-ге дейін.
Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Алматы әкімі Ерболат Босаев мәлім еткендей көз жұмған 13 адамның дені – қазақстандықтар. «Қайтыс болғандардың көбі — қазақстандықтар. Біреуі — Өзбекстан азаматы, біреуі — Саха Республикасының (РФ) азаматы, қалғандары — қазақстандықтар», - деді ол.
«Almaty Hostel» Halyk Bank меншігіндегі ғимаратта орналасқаны анықталды.