АҚШ Сенаты соғыс өкілеттіктері туралы резолюцияны қарастырады
АСТАНА. KAZINFORM – Сенатор, Нью-Йорктен келген демократ Чак Шумер БАҚ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесу барысында АҚШ президенті Дональд Трампты Конгрессті «толығымен қараңғыда» ұстап отыр деп сынға алды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
– Президенттің мінез-құлқына қарасақ, ол мұның қаншалықты қауіпті екенін түсінбеген сыңайлы. Түсінікті болсын. Мадуро – заңсыз диктатор. Бірақ конгресс рұқсатынсыз, әрі қарай не істеу керектігі туралы сенімді жоспарсыз әскери қимылдарды бастау – ойсыздық, - деді Чак Шумер.
Сенатор Трамп әкімшілігін жауапкершілікке тарту үшін жасалған бірнеше әрекеттерді де атап өтті.

Біріншіден, сенатор ол және Өкілдер палатасының демократиялық жетекшісі Хаким Джеффрис Трамп әкімшілігінен келесі аптада Конгресстің барлық мүшесі үшін брифинг өткізуді сұрағанын айтты.
– Әкімшіліктің мақсаттарын, бізді тағы бір шексіз соғысқа апаратын немесе бір жемқор диктаторды екіншісімен алмастыратын гуманитарлық және геосаяси апаттың алдын алу жоспарларын білгіміз келеді, - деді Чак Шумер.
Америкалық саясаткер Трамптың Венесуэла вице-президенті оны тыңдайтыны туралы мәлімдемесінде айтты. Бірнеше минуттан кейін Венесуэла билігі Мадуроны босатуды талап ететінін және Трамп әкімшілігінің әрекетін қолдамайтынын мәлімдеді.
– Конгресстің соғыс жариялау құқығы бар және бұл мәселелерді мұндай маңызды оқиға болғанға дейін қарастыруға болады. Біз олардан [Трамп әкімшілігінен] брифинг өткізуді сұрадық, бірақ ешқандай ақпарат алған жоқпыз, - деді Чак Шумер.
Екіншіден, Сенат келесі аптада соғыс өкілеттіктері туралы резолюцияны қарастырады.
Үшіншіден, конгресс комитеттері әкімшілікті жауапкершілікке тарту үшін қалай әрекет ете алатынын қарастырамыз. Сенатор: «Алдағы күндері олардан көбірек естисіздер» деді.
Шумер өз командасының көптеген мүшесімен сөйлескенін, барлығы бұл қаншалықты қауіпті екеніне қатты алаңдайтынын атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Венесуэла президенті жұбайымен бірге ұсталып, елден эвакуацияланғанын хабарлағанбыз. Сондай-ақ Венесуэладағы оқиғаға байланысты әлем елдерінің реакциясын да жарияладық.
Өз кезегінде АҚШ Венесуэла президентін «наркотерроризм» үшін айыптады. Сонымен бірге Венесуэлаға қарсы әскери операцияға 150 бомбалаушы, жойғыш және барлау ұшағы қатысқанын жаздық.