Ақтаулықтар тағы жарықсыз қалды: МАЭК түсінік берді

АҚТАУ. ҚазАқпарат – «Маңғыстау атом энергетика комбинаты» ЖШС (МАЭК) бүгін Ақтауда электр энергиясының өшірілуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«11 тамыз күні сағат 15:25-те жылу электр станциясының АТ-2 автотрансформаторын синхрондау кезінде жүктемесі 142 МВт болатын №3 энергоблогы сөніп қалды.

Қазіргі уақытта жылу электр станциясының жұмыс режимін қалпына келтіру жүргізіліп жатыр.

Айтап кетейік, «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы аясында 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына Бірыңғай сатып алушы – «Есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС енгізілді. Осы ретте, станцияларда электр энергиясынан авариялық ажырату болған жағдайда, яғни баланстан ауытқу кезінде Қазақстан бойынша жүйелік оператор – «KEGOK» АҚ электр жүйесін реттеуді қамтамасыз етуі тиіс», - делінген «МАЭК» ЖШС-нің баспасөз мәліметінде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін түстен кейін Ақтауда бірқатар шағынаудан мен бір ауыл жарықсыз қалған еді

Еске салайық, биылғы 3 шілдеда Атырауда бірнеше шағынауданда жарық сөніп қалған болатын.

Электр қуатының өшу себебі Маңғыстау атом энергетика комбинатының №1 энергия блогының апаттық жағдайда ажыратылуынан болғаны айтылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Маңғыстау атом энергетика комбинатында туындаған жағдай бойынша мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.

Кейін Үкіметте мемлекеттік комиссияның алдын ала қортындысы қаралды.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов МАЭК-тегі апатқа кінәлілер жауапқа тартылатынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар