Ақтөбе қаласында жылыту маусымы басталды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе қаласында жылыту маусымы басталды. Әлеуметтік нысандармен қатар тұрғын үйлерге де жылу беріліп жатыр.

Ақтөбе қаласын жылумен қамтамасыз ететін Ақтөбе жылу орталығы мен «Aqtobe su-energy group» АҚ-ы жылыту маусымының басталғанын хабарлады.
- Жылу камераларындағы барлық клапандар ашық және жылу барлық үйлерге берілді. Пәтерлерге тікелей жылу беру үшін ғимарат ішіндегі жүйені реттеу қажет. Үй ішіндегі ысырмаларды ПИК немесе кондоминиум сияқты жергілікті басқару өкілінің жауаптылары ашуы тиіс. Барлық қажетті жұмыстардың орындалғанына көз жеткізу үшін олармен байланысуды сұраймыз. Үйде жылудың дұрыс айналымын қамтамасыз ету үшін жоғарғы қабаттардан ауаны шығару керек. Бұл жүйенің су айналымын жақсартады және біркелкі жылытуға мүмкіндік береді,- деп хабарлады «Aqtobe su-energy group» АҚ-ы.
Еске салсақ, Ақтөбе облысы бойынша тұрғындарға 21 500 тонна көмір қажет болса, оның 3 250 тоннасы теміржол тұйығында бар. Ал мектеп пен денсаулық сақтау мекемелеріне қажетті 26 мың тоннадан астам қатты отын толық жеткізілді.