18:40, 06 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Ақтөбеде екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушілері көз жұмды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Самара – Шымкент тасжолының Ырғыз ауданы аумағында екі жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан екі көліктің де жүргізушісі сол жерде көз жұмды.

Оқиға сағат 15:30 шамасында Самара – Шымкент тасжолында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыдан шыққан жүк көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Рульде Тәжікстан азаматы болған. Салдарынан қарсы келе жатқан жүк көлігімен соқтығысып, 50 және 21 жастағы қос жүргізуші көз жұмды. Жүк көлігінің бірі жеңіл көлік тасымалдаған.
Еске салсақ, Самара – Шымкент тасжолында шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір жолаушы көз жұмды. Тағы 11 адам амбулаторлық ем алуға үйіне жіберілді.