Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дабыл қосу қажеттілігі туған жоқ - Нұрлан Атығаев

автобусы Алматы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жер сілкінген кезде дабыл неге қосылған жоқ? Бұл сауалға баспасөз мәслихаты барысында Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жауап берді.

Спикердің сөзінше, Алматыда жер сілкінісі кезінде іске қосылатын 843 электр дабыл құрылғысы бар. Олар жер дүмпуі 5 баллдан асқан кезде ғана қосылады.

«Түнде дабылды қосу қажеттілік тудырған жоқ. Себебі, бізде 5 балл деңгейінде болды. Сондай- ақ ол қосылса тұрғындар арасында дүрбелең тудыратын еді», - деді Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев

Еске салайық, Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінді. Жерасты дүмпуі мегаполистен оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.

Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.

Осы жолы жер дүмпуі қатты сезілді. Ұзақ уақыт бойы шайқады. Тұрығындар үрейленіп, үйінен көшеге, далаға қашып шықты

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне жер сілкінісі кезінде ғимараттардың қирауы мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ

Мегаполисте дереу барлық жиналу нүктесі ашылды

Шаһардағы сейсмикалық жағдайға байланысты, Ерболат Досаев жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізді. Шұғыл кеңесте мамандар одан әрі іс-қимыл жоспарын талқылады

Алматы тұрғындары қатты жер сілкінісінен кейін, қаладан жаппай кете бастады. Көшелерде үлкен кептеліс пайда болып, жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасты. Сондай-ақ, такси бағасы бір сапар үшін 5 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін көтерілді

Әлеуметтік желілерде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханалары қирады деген ақпарат шықты. Алматыдағы студенттік жатақханаларда жағдай тұрақты екенін Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады

Жер сілкінісі нәтижесінде 8 адам зардап шекті. Үш тұрғын көпқабатты үйдің екінші және үшінші қабатынан секірген

Соңғы жаңалықтар