Алматыда COVID-19 жұқтырғандар арасында жастар көп – Бекшин

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин олайн брифинг барысында қалада коронавирусты жұқтыру тенденциясы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда COVID-19 жұқтырғандар арасында жастар көп – Бекшин

«Қазір 20 жастан 39 жасқа дейінгі адамдар арасында індетті өсуі байқалады. Бұл - қоғамдық орындарға барудың нәтижесі. Бірінші кезекте - түнгі клубтар. Отбасылардағы инфекция деңгейі 37% жетті. Бұл, жастарымыздың эпидемиология ережелерін елемеуінен болып отыр. Жастар отбасы мүшелері туралы ойлануы керек», - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол мектепке дейінгі жастағы балалар арасында коронавирус жұқтыру екі есеге артқанын жеткізді.

«Инфекция жұқтырған мектеп оқушыларының саны үш есе өсті. Бұл, вирустың өте жұқпалы екенін көрсетеді. Сол себепті біз вирустың таралуын тоқтату үшін шұғыл шаралар қабылдап, қатаң шектеу шараларын қолданамыз», - деді Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері.

Еске салайық, Ж.Бекшин 20 наурыздан бастап қалада карантин талаптарын күшейтті.

Автобустардың қозғалыс режимі өзгерді.

Сондай-ақ жұғу қаупі 70 пайызға жоғары коронавирустың жаңа штамдары тексеріліп жатқаны туралы мәлім етілді.

Банктердің қызметіне де өзгеріс енгізілді.

Бұдан бөлек, Ж.Бекшин қала толық локдаунға қандай жағдайда көшетінін мәлім етті.