Алматыдан 609 км қашықтықта жер сілкінді
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 609 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасты.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 11,1.
MPV магнитудасы - 4,9.
Тереңдігі – 15 км.
MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.
Еске салайық, бүгін Қазақстанның сейсмикалық стансалары бірнеше жер сілкінісін тіркеді. Оның ішінде Тәжікстан аумағында 7 балл қуатымен болған жерасты дүмпуі Алматы мен Шымкент қалаларында сезілді. Көп ұзамай Тәжікстанда 5,6 магнитудасымен тербеліс қайталанды. Түстен кейін елде тағы жер сілкінді. Тәжікстанның ұлттық ақпарат агенттігі «Ховар»-дың мәліметінше, таңғы жер сілкінісінен кейін 5 афтершок тіркелген.
Бүгін жерасты дүмпуі Қазақстан аумағында да болды. Магнитудасы – 4,1.
Сондай-ақ бүгін таңертең Өзбекстан мен Қырғызстанда 4 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Фото: static.vkurse.kz